ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылы төленген зейнетақылар туралы статистиканы жариялады. Төлемдердің орташа мөлшері 10 мың теңгеге өскен. 2022 жылдың басынан бастап қазақстандықтарға жалпы сомасы 1,9 трлн теңге зейнетақы төленді. Республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 244 млрд теңге бағытталды, оның ішінде базалық зейнетақыға – 74,2 млрд теңге, ортақ зейнетақыға – 169,9 млрд теңге. […]