Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстанның әскери күштері Ресей Федерациясының шекаралас аудандарына жіберілмейтінін ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz. – Қазір көптеген анонимді Telegram-арналарда ҰҚШҰ құрамындағы қазақ әскерлері Ресей шекарасын қорғау үшін Воронеж облысына кірді деген ақпарат бар. Айтыңызшы, бұл рас па? – деп сұрады журналистер министрден. Тілшілердің сұрағына жауап берген министр ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. – […]