Қазақстандық дәрігерлер президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке қатысты қылмыстық іске назар аударуды сұрады. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Facebook парақшасында қазақстандық медицина қызметкерлерінің ел президентіне үндеуін жариялады. Дәрігерлер экс-министр мен оның орынбасарына қатысты қылмыстық іс бойынша бейтарап және әділ шешім шығаруға жәрдемдесуді сұрайды. – Еліміздің барлық дәрігерлері осы істі екі жыл […]