Италияда 20 жасқа дейінгі жастар арасында шахматтан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Беделді турнирде Қазақстан құрамасы күміс және қола медаль жеңіп алды. Күміс медальді Әсел Серікбай, қола медальді Меруерт Камалиденова иеленді. Үздік ондыққа Лия Құрманғалиева кірді. Бұған дейін израильдік гроссмейстер Илья Смирин Астанадағы турнирде тікелей эфирде шахмат әйелдерге арналмаған деп мәлімдеді. Оның бұл сөзі қызу талқыға түсті. […]