Қазақстандықтар сиыр еті мен қой етін сатып алуды азайтқан, орнына тауық етін көбірек сатып алып жатыр. Бұл туралы Data Hub Бірінші кредиттік бюро хабарлады. – Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың 4 айында ішкі нарықта 139,9 мың тонна ірі қара мал еті сатылды. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2%-ға немесе 4,6 мың тоннаға аз. […]