Ұлытауда Қазақстанның солтүстігін Ресейге беруді ұсынған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Exclusive.kz. Облыстық прокуратура мәліметінше, А. Сысоевқа қатысты “ел тұтастығын бұзуға үгіттеу” бойынша қылмыстық іс қозғалған. Жезқазғандық чат-рулеткада солтүстік өңірін Ресейге беруді ұсынған азамат халықтың наразылығын тудырды. Кейін А. Сысоев қазақстандықтардан кешірім сұрап, бейнежазба жариялады. Оның айтуынша, чат-рулеткаға мас күйде кірген. Фото: ашық […]