Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Президентке Парламент Мәжілісінің қазіргі заң шығару қызметі туралы ақпарат берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Мәжіліс депутаттары «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы», «Конституциялық сот туралы», «Прокуратура туралы» заң жобаларын, сондай-ақ бірқатар конституциялық және басқа да заңдарға енгізілетін өзгерістерді қарастырып, Сенатқа жолдады. Аталған құжаттарды талқылауға сарапшылар тобы қатысты […]