Сот Кентау қаласының бұрынғы әкімін пара алғаны үшін кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Кентаудың экс-әкімі Дәурен Махажановқа үкім жарияланды. Махажанов 366-бап, 4-бөлім «аса ірі мөлшерде пара алу» бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. – Сот Дәурен Сәбитұлы Махажановты мемлекеттік қызметте, сотта, Ұлттық банкте, ведомстволарда, […]