14 қыркүйекте Қазақстанға Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 14 қыркүйекте елімізге Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келеді. Қазақстан мен Қытай басшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайтудың перспективаларын талқылайды. Келіссөздерден кейін бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр, […]