Қазақстандық кәсіпкер, «Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Клебанов Екібастұздағы ЖЭО-ны мемлекетке бір теңгеге сатуға дайын екенін айтты. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров мәлімдеді. – Екі күн бұрын әкімдікте жиналыс өтті. Жиналысқа Клебанов мырза қатысты, біз бұл мәселені көтердік. Ол қазір бұл нысанды мемлекетке бір теңгеге сатуға дайын екенін айтты. […]