ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Қостанай облысындағы алапат табиғи өрттердің салдарын жою мәселелері бойынша жедел кеңес өткізді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады. Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев күрделі метеорологиялық жағдайға, ауа температурасының 36 градустан асуына байланысты Қостанай облысында, әсіресе орман алқаптарында күрделі өрт жағдайы қалыптасқанын баяндады. 43 мың га орман шаруашылығы өртке оранды. […]