Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов шахтаға түсу жұмыстарын жүргізіп, өрт және кеншілердің қаза болған жерлерін тексеру жұмыстарына бақылауға алды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аварияны жою жөніндегі жедел штаб тәулік бойы іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіруде. Ең қауіпсіз және кеншілер болуы мүмкін ықтимал учаскелер бойынша тау-кен құтқарушыларының өту жолдары пысықталып жатыр. – […]