Құны 1,6 миллиард теңге тұратын орман қорының учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап. Осылайша, мемлекет меншігіне Ақкөл ауданының прокуратурасымен жалпы ауданы 264 гектар сауықтыру, туристік және спорттық мақсаттар үшін ұзақ мерзімге пайдалануға берілген орман қорының учаскесі қайтарылды. – Учаске 2018 жылдан бастап көзделген мақсатта пайдаланбаған, жалдау ақысы төленбеген. […]