Бүгін Бішкектегі М. Горький атындағы саябақта елдің туының өзгеру туралы ұсынысқа наразы жұрт шеруге шықты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі. Наразылық акциясына қатысушылар Қырғыз Республикасының әнұранын шырқады. Жергілікті басылымның хабарлауынша, алаңда 100-ге жуық адам болған, кейін адамдардың саны көбейген. Сондай-ақ, акцияны ұйымдастырушылардың бірі Афтандил Жоробековтың ұсталғаны белгілі болды. Қырғыз Республикасы Парламентінің спикері Нұрланбек Шакиев пен депутат […]