Қырғызстан Қорғаныс министрлігі «Мызғымас бауырластық-2022» командалық-штабтық жаттығуларын өткізуден бас тартты. Жаттығу 10-14 қазан аралығында Эдельвейс полигонында өтуі керек еді. Жаттығу кезінде бітімгершілік операция жүргізу және атысты тоқтату режимін қамтамасыз ету шаралары пысықталуы тиіс болған. Іс-шараға Қазақстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь және Арменияның бітімгершілік контингенттері қатысты. Сондай-ақ, Өзбекстан, Сербия, Сирия, Түркіменстан және Моңғолиядан бақылаушылар шақырылды. ҰҚШҰ бітімгершілік […]