Бішкекте Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың немере інісі Ұлан Жапаров ұсталды, деп хабарлайды Exclusive.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап. Басылым дереккөздерінің мәліметінше, 32 жастағы Ұлан Жапаров Бішкектегі тергеу изоляторына қамалған. – Алдын ала мәліметтер бойынша ҚК-нің «Сыбайлас жемқорлық» бабы бойынша қылмыстық ісқозғалған. Істі ІІМ тергеу қызметі тергеп жатыр, – деп жазылған хабарламада. Фото: ГКНБ Қырғызстан