Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қызметі Қырғызстан парламентінің екі депутатын Қазақстанға кіргізбеді. Эмиль Жамғырчиев пен Шыңғыс Айдарбеков қырғыз-қазақ шекарасынан өте алмады. Олар Қазақстанға жеке істерімен – Қордайдағы жерлеуге бармақ болған. Алайда оларды «Ақ-Жол-автожол» бақылау-өткізу бекеті арқылы өткізуге рұқсат бермеген. Шекараға арнайы қызмет өкілдері келіп, екі депутатты да Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне алып кеткен. Депутаттардың […]