Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті. Күміс медальдің иегері – 48 келі салмақта финалға шыққан дзюдошы Абиба Әбужақынова, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі. Ол жартылай финалда оңтүстіккореялық Ли Хе Кёнды ұтты. Абиба финалда жапондық спортшы Цунода Нацумимен кездесті. Финалдық кездесуде Абиба Әбужақынова қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Фото: Сали Сабиров