Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке, #171;Астана LRT#187; ЖШС басқарма төрағасы Талғат Арданға және олардың сыбайластарына қатысты айыптау актілерін бекіту туралы шешім қабылдады. Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы хабарлағандай, қазіргі уақытта қылмыстық іс жүргізу кодексінің (ҚІЖК) 304-бабы тәртібінде айыптау актілері қылмыстық процестің барлық қатысушыларына, оның ішінде айыпталушы Сұлтанбеков пен Арданның қорғаушыларына қолхатпен табыс етілді. [hellip;]