Қазақстанда шетелде тіркелген оң рульді көліктерді бір рет заңдастыруға рұқсат етілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді. Бұл мәселе шешілді деп сендірген ІІМ өкілінің сөзінше, Қазақстанда мұндай 20 мыңға жуық көлік бар екен. – Бүгінгі күні мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты көліктерді бір реттік заңдастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, […]