Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мәдениет және ақпарат вице-министрлері тағайындалды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі. Данияр Рамазанұлы Қадыров, Қанат Жұмабайұлы Ысқақов, Евгений Дмитриевич Кочетов және Арман Әділханұлы Жүдебаев мәдениет және ақпарат вице-министрлері болып тағайындалды, деп жазды Үкіметтің баспасөз қызметі. Айта кетейік, Сәрсен Құранбек басқа жұмысқа ауысуына байланысты мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды. Коллаж: КазТаг