Депутат Берік Дүйсенбинов Мәжілістегі жалпы отырыста 12 желтоқсан күні мемлекеттік деңгейде жыл сайын Алаш күнін атап өтуді ұсынды. Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдап, 1917 жылы желтоқсанда Әлихан Бөкейханов Алаш республикасы үкіметінің төрағасы болып сайланғанын еске салды. Депутаттың пікірінше, бүгінде ХХ ғасырдың басында қазіргі қазақ мемлекетін құруға ұмтылған Алаш қайраткерлерінің рөлін насихаттау қажет. – […]