Қоғам қайраткері Арман Шораев өзіне қатысты қуғын-сүргін басталғанын хабарлады. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Exclusive.kz. Оның айтуынша, журналист ретінде жасаған жұмыстарына қатысты мұрағат ақтарып, тексеру жұмыстары басталған. Сондай-ақ әріптестері мен жақтастарына қысым жасалып жатқанын атап өтті. – Жап-жаңа Қазақстанның жаңашыл билігі менің айналамдағы адамдарға, әріптестеріме, жақтастарыма түрлі себептермен қысым жасауды бастап кетті. […]