Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы «жасыл» сутегі өндіретін зауыттың құрылысы аясында Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мен Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен бұрғылау жұмыстарын іске қосу рәсімі өтті, деп хабарлайды Exclusive.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жобаны танымал Svevind неміс компаниясы Еуропалық кеңес Президенті Шарль Мишельдің өткен жылдың қазан айында Қазақстанға сапары кезінде қол қойылған Инвестициялар […]