Әлеуметтік желіде мұнайшылардың ҚазМұнайГаз басшылығы мен Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған үндеуі пайда болды. «Ақтаукрантехсервис» ЖШС қызметкерлері Маңғыстау облысындағы Жетібай және Қаламқас кен орындарында еңбек етеді. Lada.kz мәліметінше, мұнайшылар ұлттық мереке қарсаңында ақшалай төлем алғысы келеді. Олардың айтуынша, мұнай компаниялары өз қызметкерлеріне 50 АЕК төлеген. Кен орындарының қызметкерлері ҚазМұнайГаз және Маңғыстаумұнайгаз басшыларынан осындай жағдайды талап етеді. – […]