Оппозициялық саясаткер және «Алға, Қазақстан!» партиясының көшбасшысы Марат Жыланбаев аштық жариялады. Бұл туралы құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі. Жақында Марат Жыланбаев сотты жабық режимге ауыстыруға наразылық білдірдіп, аузын тіккен еді. Төреғожина айтуынша, тергеу изоляторының әкімшілігі белсендіні мәжбүрлеп, аузындағы жіпті алып тастаған. 2 қараша күні өткен жабық сот отырысында Жыланбаев аштық жариялады. […]