Мәскеудегі Ломоносов муниципалды округінің депутаттар кеңесі Владимир Путинге Ресей президенті қызметінен кетуді сұрады. Депутаттардың Путинге үндеуі Ломоносов муниципалды округінің сайтында жарияланған. – Зерттеулер көрсеткендей, басшысы өзгеріп отырған елдерде адамдар жақсы және ұзақ өмір сүреді. Сіз бірінші және екінші мерзімге президент болып сайланған уақытта жақсы реформалар болды. Кейін бәрі өзгерді. ЖІӨ көбейген жоқ, ең төменгі жалақы […]