Ресей астанасы Мәскеу қаласына ұшқышсыз ұшақтар шабуыл жасады. Бұл туралы Мәскеу мэрі Сергей Собянин мәлімдеді. Оның айтуынша, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Exclusive.kz. Ресей бұл әрекетке Украинаның қатысы бар екенін айтып, лаңкестік шабуылға Украинаны айыптады. Айта кетейік, Собянин 4 шілде күні Мәскеу мен Мәскеу облысына ұшқышсыз ұшақтар шабуыл жасағанын хабарлаған еді. Фото: ашық дереккөз