Солтүстік Қазақстан облысында мәслихат депутаты Павел Булаев ұсталды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, ол бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінген. Айта кетейік, Павел Булаев ұзақ жылдар бойы Петропавл әкімдігінің «тазарту, су өткізу және су бұру құрылыстары» ШЖҚ МКК басқарды. Фото: ашық дереккөз