Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларын қамауда ұстау мерзімі 6 желтоқсанға дейін ұзартылды. Тергеу соты қамауда болу мерзімін К.К. Мәсімов пен А. Т. Садықовқа 6 желтоқсанға дейін, Д. Е. Ерғожинге 13 желтоқсанға дейін, М. С. Осиповке 22 желтоқсанға дейін ұзартты. К.Мәсімовке қатысты істі тергеу тамыз айында аяқталды, — делінген ресми хабарламада. […]