Оқу-ағарту министрлігі орыс тілінде оқытылатын сыныптардың жабылуы мүмкін екендігі туралы хабарламаға жауап берді. Әлеуметтік желілерде қазақстандық мектептерде орыс тілінде оқытатын сыныптар жабылатыны туралы ақпарат тараған еді. Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. – Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақ сыныптарында да, орыс тілінде оқытатын сыныптарда да орыс тілі бұрынғыдай оқытылады, басқа жоспар жоқ, [hellip;]