Мемлекет басшысы Ұлытау облысының даму перспективаларымен танысты. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғали Президентке облыстың әкімшілік орталығы Жезқазған қаласының және өңірдің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы баяндады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Экологиялық ахуалдың нашарлауы, аймақ арқылы өтетін республикалық жолдардың тозуы, экономиканың әртараптандырылмауы немесе ірі кәсіпорынға тәуелділік, инженерлік коммуникация жүйелерінің ескіруі және әлеуметтік сала […]