Қазақстандық вайнер Мейіржан Төребаевты қамауда ұстау мерзімі 17 қазанға дейін ұзартылды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарламасы бойынша, 17 қыркүйек күні сот қаулысымен Төребаевқа қатысты материалдармен танысу кезеңінде күзетпен ұстау мерзімін бір айға ұзартуды санкциялау туралы өтініш 17 қазанға дейін қанағаттандырылды. – Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ, – деп хабарлады Алматы қалалық сотының […]