Бүгін Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті. Күн тәртібінде 2023 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы, өрт қаупі бар кезеңге дайындық мәселелері қаралды, деп хабарлайды Exclusive.kz. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қаңтар-сәуір айларындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндама жасады. Баяндамаға сәйкес, биыл өткен жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда Қазақстан экономикасы 5%-ға өскен. Оның ішінде […]