Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың інісі Ермек Қуантыров «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының сатып алулар жөніндегі директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Exclusive.kz. Ермек Қуантыров — Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың туған інісі, президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. Айта кетейік, Ермек Қуантыров бұған дейін Еуразия экономикалық комиссияның кәсіпкерлікті дамыту департаментінде басшылық еткен болатын. Фото: ашық дереккөз