Бүгін Астанада экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі апелляциялық сатыда қаралды. 8 жылға сотталған Мұхамедиұлына қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі. Аппеляциялық сот экс-министрдің шағымын қанағаттандырмады. Демек, Мұхамедиұлын жазасын сот үкіміне сай өтейді. Экс-министрмен бірге сот үкімімен Мұхамедиұлының орынбасары Алмаз Нұрасхан 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Қылмыстық кодекстің 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағында көрсетілген қылмысты жасағаны […]