Журналист Ербол Мәндібек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады. Ол президенттен Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың ұлының тойына қатысты тексеру жүргізуді сұрады. – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Биліктің халық алдындағы абыройына нұқсан келтіріп отырған жоғары лауазымды шенеуніктер көп. Күні кеше Бақыт Сұлтанов қызметтен босады. Мұны қарапайым халық жаппай құптап жатыр. Менің айтпағым, Қызылорда облысының қазіргі әкіміне […]