Кәсіпкер Нұрбол Назарбаев «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының атынан Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге 500 000 доллар жіберді. Бұл туралы қор басшысының Түркияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Йокиджимен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Exclusive.kz. – Осындай қиын сәтте бауырлас Түркия халқына қаржылай көмек көрсету туралы шешім қабылдадық. Ақша тұрмыстық қажетті заттар мен дәрі-дәрмектерді сатып алуға бағытталлы. […]