Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Нұрқанат Әжіханов ұлттық құраманың қоржынына сегізінші алтын медалді салды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі. 75 келі салмақта бақ сынаған Нұрқанат ақтық бәсекеде иорданиялық Хасан Масарвені 8:0 есебімен жеңіп, алтын еншіледі. Айта кетейік, Нұрқанаттың еншісінде бұған дейінгі Азия чемпионатындағы үш алтын, әлем чемпионатындағы екі қола медалі бар. Фото: Olympic.kz