Тараздағы «Қазфосфат» ЖШС зауытының жұмысшылары ереуілге шықты. Наразылық білдіргендер Ресейден келген жаңа менеджерлер қазақтарды қорлады деп мәлімдеді. Ереуілге шыққан жұмысшылардың бейнежазбасы әлеуметтік желілерде таралды. – «Қазфосфат» ЖШС зауытына Нығматулиннің шақыруымен ресейліктер келді. Ресейлік шенеуніктер қазақтарды үнемі қорлайды. Кеше ғана басшылардың бірі қызметкерін қойға теңеді. Барлық жұмысшылар оның қазақтардан кешірім сұрағанын күтеді, – деп айтылды бейнежазбада. […]