Ірі кәсіпкер, олигарх Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі ІІМ ҚАЖК-ге сілтеме жасап. Қайрат Боранбаев апелляциялық соттың үкімімен 6 жылға сотталған еді. Боранбаевтың мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте және Ұлттық банкте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Мекеме әкімшілігі сотталушыға тіркеу үшін пробация қызметіне келу бағыты мен уақытын көрсете отырып, жазасын өтеу орнына кетуге келісім береді. […]