Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің, мемлекеттік органдар басшыларының, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің қатысуымен өткен кездесуде әкімдерге дін мәселесі туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысының айтуынша, рухани құндылықтарымызды сақтау маңызды екеніне назар аудару қажет. – Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды. Оның ғылыми-теориялық негізін дамыту қажет. […]