Оператор РОП бойынша іздеуде жүрген күдікті Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталды, деп хабарлайды Exclusive.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінше, бұған дейін «Оператор РОП» ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Ш. Мұқтароваға аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен халықаралық іздестіру жариялаған болатын. – Ол Дубай қаласында ұсталып, Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті органдары қамауға алды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы […]