Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев ІІМ алқасының кеңейтілген отырысында бірден ІІБ 15 бастығын, бес прокурорды және ішкі істер министрінің орынбасарын қызметінен босатты, деп хабарлайды Exclusive.kz Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап. Тәртіп сақшылар жаппай жұмыстан қууға олардың әрекетсіздігі себеп болған. Өзбекстан ішкі істер министрінің орынбасары Нәжімиддин Тұрақожаев құқықтық тәртіп органдарында цифрландыру саласын дамыту бойынша өзіне жүктелген міндеттерді орындамаған. […]