Павлодарда белгісіз біреулер саяжай мен Қазақстан электролиз зауыты санитарлық аймағының арасына екі елтаңбаны тастап кеткен. Павлодар қаласының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы, ішкі саясат бөлімі өкілдерінен құралған жұмыс тобы оқиға орнына барды. Полигон зауыттан 10 км қашықтықта орналасқан. – Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 372-бабы «Мемлекеттік рәміздерді қорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу […]