Павлодарда Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қаза тапты. Жазатайым оқиға 12 маусымда орын алған. –Келісімшарт бойынша еңбек ететін қызметші көліктің доңғалағын үрлеп жатқанда басына алған ауыр жарақат салдарынан қайтыс болды. Осы оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы Бағдат Амангелді. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы аға сержант Тұрсынбаевтың туған-туыстары […]