4 сәуір күні Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Кассандра таңбасы» романының желісімен қойылған футуристік трагедиясының премьерасы өтті. Қойылымда ғалым Филофей шарананың қарсылық белгісін ғарыштан сәулелер жіберу арқылы анықтап, оған «Кассандра таңбасы» деген атау береді. Қойылымға өзек болған ой – отбасы құндылығы мен адамзаттың рухсыздану мәселесі. Айтматовтың суреткерлік қиялы көрерменге ой […]