Инга Иманбай президенттікке үміткер ретінде кандидатурасын ұсынды. Орталық сайлау комиссиясы тіркелмеген Демократиялық партия белсендісінің кандидатурасын тіркеуден бас тартты. Себеп – Инга Иманбайдың заңда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі. Президент сайлауына кандидат болу үшін үміткердің жасы 40-қа толуы керек. Сондай-ақ, белсендінің мемлекеттік қызметте бес жыл жұмыс өтілі жоқ. – Олар тек өздеріне ыңғайлы кандидаттарды алатынын көрсеткім келді. […]