Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне сұхбат беріп, түрлі тақырыптарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі. Тоқаев ең алдымен бәсекелі экономика жүйесі, монополиядан арылту, инфрақұрылымды жаңғырту, бизнесті қолдау жұмыстары туралы атап өтті. Мемлекет басшысы Қаңтар оқиғасына баға беріп, бұл жылдар бойы қордаланған әлеуметтік-экономикалық проблемалар, жалпы тоқыраудың билік пен қоғамды аздырып-тоздыруының «қорытындысы» екенін мәлімдеді. […]