Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы кезектен тыс президент сайлауына Нұрлан Әуесбаевты ұсынды. 1 қазанда елордада өткен партияның съезінде шешім қабылданды. Партия мүшелері оппозициялық саясаткерлер Жасарал Қуанышалин мен Уәлихан Қайсардың кандидатурасын қолдаудан бас тартқан. ЖСДП-ның бөлімшесін басқаратын Нұрлан Әуесбаев Түркістан облысының тумасы. Айта кетейік, кеше кезектен тыс президент сайлауына «Ауыл» партиясынан Жигули Дайрабаевтың кандидатурасы ұсынылды.